Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатына ауысты

Сарапшы, спорт журналисі

Әзербайжанның "Сабах" футбол клубы Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловпен келісімшартқа отырды. 

Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатына ауысты
RunaSport

Әзербайжандық БАҚ өкілдерінің жазуынша, "Сабах" қазақстандық қақпашымен еңбек келісімін рәсімдеген. 32 жастағы кезінде шетел чемпионатында өнер көрсеткен. Покатилов 2016 жылы ресейлік "Ростов" намысын қорғады. 

Покатилов өткен Қазақстан чемпионатында үздік қақпашы атанған. Ол 23 ойынның 11-де қақпасына гол жіберген жоқ. Одан қалды былтыр Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы атанды.

Покатилов Оралдың "Ақжайық" ФК түлегі. Сонымен қатар "Ақтөбе", "Қайрат" және қарағандының "Шахтерында" ойнады. 

"Сабах" - Әзербайжан премьер-лигасының күміс  (2022/23) және қола жүлдегері (2023/24) саналады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір