Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды

Редактор Penalty.kz
21.01.2025, 15:48

Давид өзінің футболшы мансабын аяқтағаннан кейін "Астана" футбол клубында басшылық қызмет атқарған болатын. 

Vesti.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады. 

"Давид Лория – қазақ футболы тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Футболшы мансабында «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады", - делінген федерацияның Инстаграмдағы ресми парақшасында. 

Айта кетейік, Давид өзінің футболшы мансабын аяқтағаннан кейін "Астана" футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және "Super Bol" жобасында басшылық қызметтер атқарды.

2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында білім алды.