"Бешікташ" жанкүйерлері Бахтиёр Зайнутдиновтың испаниялық Ла Лигаға ауысады деген сыбысқа түрлі пікір білдірді.
Бұған дейін испаниялық "Вальядолидтың" Бахтиёрды жалға алу туралы түрік клубына ұсыныс жасағаны туралы ақпарат тараған. Жанкүйерлер бұл қызығушылыққа әлеуметтік желілерде реакция білдірді.
"Ол шетелдік емес қой. Жалға бергеннен не пайда?
Жақсы ойыншы болғанымен командадан міндетті түрде кетуі тиіс.
Негізінен бұл жігіттің ойыны жаман емес. Соңғы уақытта өзін командада жоғалтып алды. Сол себепті ойын деңгейі төмендеп кетті.
Сөзсіз жалға берген жөн.
Оны маусым соңына дейін қалдыра тұрған дұрыс. Бірақ ол өзінің бұрынғы позициясында ойнағаны абзал.
Бәрін сатып жіберу керек.
Ойыны тәуір ойыншы ғой. Басқа футболшылармен алмастырып отырғанға жақсы нұсқа сияқты.
Қазір-ақ жалға беріп, ұшаққа билет сатып алуына мүмкіндік беріңдерші.
Бахтиёрда түрік мәртебесі бар. Футболшыны жібермеңдер, ол жүрегімен ойнайды.
Мүмкін оны “ондық” позицияға қою керек шығар.
Қосалқы құрамда отыра бергеннен гөрі өзге елде доп тепкені дұрыс сияқты.
Бауырым, Құдай үшін кетіп қалшы!
Рафа Сильвадан басқасының бәрін құрту керек командадан”.
Қазақстандық ойыншы "Бешікташқа" мәскеулік ЦСКА-дан 2023 жылы 4,5 миллион еуроға ауысып келген. Оның мансабында "Ростов", "Астана" және "Тараз" клубтары болды.