"Ертістің" бюджеті белгілі болды
01.02.2025, 15:39
Павлодарлық клуб алдағы маусымда барын салып, отандық футбол элитасына оралуды көздейді.
NUR.KZ
“Ертіс” өткен маусымда Қазақстан кубогының плей-офф сынына жолдама алуымен есте қалды. Өз тобында жеті ұпаймен бірінші орынға табан тіреді. Павлодарлық ұжым "Ақас", "Хан-Тәңірі" және "Оқжетпесті" кубоктан тыс қалдырды. Бірақ келесі кезеңде команда "Академия Оңтүстіктен" 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Алдағы маусымда клуб Премьер-лигаға оралуды мақсат етеді. "Ертістің” 2025 жылға арналған бюджеті 803 571 428 теңгеге тең.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама