Балотелли тағы да команда ауыстыруы мүмкін
04.02.2025, 08:00
Қазір ол "Дженоада" ойнайды.
bbc.com
34 жастағы шабуылшы Марио Балотелли мансабын енді "Венеция" командасы сапында жалғастырмақ. Бұған дейін "Дженоа" командасының директоры Марко Оттолини клубтан кететінін айтқан болатын.
Мариоға "Дженоадағы" ойын уақыты ұнамаған көрінеді. Ол алаңға көбірек шыққысы келеді. Жалпы, Балотелли 6 ойында бар жоғы 56 минут ойнап, нәтижелі әрекетімен көзге түспеген.
"Венеция" командасы қазір Италияның А Сериясында 19-орында тұр. 23 турдан кейін 16 ұпай ғана жинаған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама