Жалақысы ең жоғары шабуылшы кім?

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 08:30

Үздік ондықтың жартысы Азияда ойнайды.

t.me

GiveMeSport порталы әлем бойынша ең көп жалақы алатын шабуылшылар рейтингін жариялады. Көш басында, әрине, Роналду тұр. 

Португалдық ойыншы "Әл-Насрда" аптасына 3 231 230 фунт стерлинг алады екен. Теңгеге шаққанда шамамен 2 085 177 343 теңге. 

Екінші орынға Роналдудың бұрынғы командаласы Карим Бензема жайғасқан. Оның бір аптадағы жалақысы 1 607 211 фунт стерлингті (1 037 165 402 теңге). 

Ал үздік үштікті Роберт Левандовский түйіндеп тұр. Ол жеті күн сайын 538 484 фунт стерлинг (347 494 494 теңге) табыс табады екен.