"Шахтер" бірінші лигада өнер көрсетеді

Редактор Penalty.kz
08.02.2025, 13:50

Бұл туралы клубтың атқарушы директоры мәлімдеді. 

NUR.KZ

Қарағандылық "Шахтердің" атқарушы директоры Талғат Дүйсеков клубтың алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Бұл туралы ол SARYARQA TV үoutube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Талғат Дүйсеков  сондай-ақ, "кеншілердің" биылғы маусымда қай турнирде ойнайтыны жайлы әңгімелерге нүкте қойды. 

"Біз Бірінші лигада өнер көрсетеміз деп шешім қабылдадық. Ашығын айтқанда, ҚПЛ-де ойнау жайында ұсыныс түспеген де болатын. 

Бізді премьер-лигаға қайтады деген небір алып-қашпа әңгімені естіп жүрміз. Көптеген клубта біраз мәселе бар, сондықтан ҚПЛ туралы ондай ұсыныстың болып қалуы ықтимал. Мысал үшін мынадай жағдай болды - «Ақсу» өткен маусымда премьер-лигадан бас тартқан. Енді тағдыр осылай шешіп, біз Бірінші лигаға төмендеген екенбіз, биылғы жылды сонда өткізгеніміз әділетті болмақ. Спорттық ұстаным әрі клубтың өзіне де ес жиып, етек-жеңін жинап алу қажет", - деді қарағандылық клубтың басшысы. 

Естеріңізде болса, "кеншілер" былтыр премьер-лигада соңғы орын алып, Бірінші лигаға төмендеген еді.