ФИФА ұйымнан екі мемлекетті шеттеді

Редактор Penalty.kz
08.02.2025, 16:15

FIFA-ның ресми сайты Конго футбол қауымдастығы мен Пәкістан футбол федерациясының қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Конго футбол қауымдастығына қатысты санкциялар ұйымның қызметіне үшінші тұлғалардың араласуына байланысты енгізілді. FIFA ұйымның құқықтарын қалпына келтіру үшін орындалуы тиіс талаптардың тізімін жариялады. Бұл талаптардың ішінде қауымдастықтың штаб-пәтерін, техникалық орталығын және басқа да нысандарын толық бақылауға қайтаруы, сондай-ақ банк шоттарының қол қоюшыларын өзгерту әрекеттерінен бас тартуы бар. Бұл шешім Африка футбол конфедерациясымен (CAF) келісілген.

Ал Пәкістан футбол федерациясына салынған санкциялар ұйымның әділ әрі демократиялық сайлауды қамтамасыз ететін жаңартылған жарғыны қабылдай алмауына байланысты енгізілді. Бұл талап FIFA алдындағы міндеттемелерді орындау үшін қажет. Егер федерацияның конгресі жаңа жарғыны мақұлдаса, санкциялар алынып тасталады.