Әли Әлиев Қазақстан құрамын жариялады

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Әли Әлиев Қазақстан құрамын жариялады
kazfootball.kz

Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар:

Қорғаушылар:

Жартылай қорғаушылар:

  • Абылайхан Назымханов (“Елімай”)
  • Серікжан Мужиков, Ален Айманов (“Жетісу”)
  • Жасұлан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – “Тобыл”)
  • Равиль Атыханов (“Атырау”) 
  • Давид Есімбеков (“Черноморец”, Ресей);

Шабуылшылар:

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.

Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

Жарнама
Жарнама