Қазақстан Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына құрамды жариялады

Редактор Penalty.kz
11.02.2025, 13:00

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Люксембург пен Арменияға қарсы УЕФА Ұлттар лигасы матчтарына шақырылған футболшылар тізімін жариялады. 

kff.kz

2025 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымы ақпанда басталады. Қазақстан құрамасы жеребе қорытындысы бойынша "С" дивизионының 3-тобында сынға түседі. Қарсыластары – Люксембург, Армения және Лихтенштейн құрамалары.

Футбол күнтізбесінің ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан құрамасы ақпанда екі матчты сырт алаңда өткізеді. 21 ақпанда Люксембургпен кездессе, 25 ақпанда Армениямен ойнайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген құрамы

Қақпашылар:

(Тізімде көрсетілмеген)

Қорғаушылар:

  • Александра Бурова, Бибігүл Нурушева (екеуі де – "БИІК-Шымкент")
  • Жібек Жақсыбай, Нұрсая Сұлтан (екеуі де –" Ордабасы")
  • Анастасия Власова, Мадина Жанатаева, Айгерім Айтымова, Қазына Норбаева (бәрі – "Ақтөбе")
  • Мария Демидова (" Минск", Беларусь)
  • Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей)

Жартылай қорғаушылар:

  • Карина Жұмабайқызы ("Ақтөбе")
  • Анастасия Низамутдинова ("Енисей", Ресей)
  • Камила Құлмағамбетова, Алина Лозукова, Жанеля Ержанова ("БИІК-Шымкент")
  • Аяжан Қожабекова ("Қайрат")
  • Карина Берікова (еркін агент)

Шабуылшылар:

  • Ангелина Портнова ("Диярбакыр", Түркия)
  • Назым Исмайлова ("Томирис-Тұран")
  • Әсел Әнуарбек ("Ұлытау")
  • Аружан Оразбекова (еркін агент)
  • Аида Гайстенова, Әсем Қаражанова ("Ақтөбе")
  • Валерия Попова, Әселхан Тұрлыбекова ("БИІК-Шымкент")
  • Әмина Бибосынова ("Турбине Потсдам" Германия)
  • Назым Алданазар, Полина Тучина ("Қайрат").