"Жайық" деп аталатын Батыс Қазақстан облысында пайда болды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жаңа клуб бұрынғы «Ақжайық» ойыншылары мен жаттықтырушыларының жалақы қарыздарын төлеуді өз міндетіне алды.
“Ақжайық” футбол клубы 2024 жылы борышкерлер тізіміне енген болатын. Сондықтан клуб мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығынан толық айырылып, салдарынан 36 қызметкер 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалақысын алмаған.
ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің мәліметінше, қарыздың жалпы сомасы 65,2 миллион теңге болған.
- “Ақжайық” клубының құрылтайшыларына 10 ақпанға дейін демеушілер мен инвесторлар есебінен мәселені шешуге уақыт берілгенімен, жағдай реттелмеді. Осыған байланысты облыс әкімдігі жедел шара қарастырып, “Жайық” футбол клубын құру туралы шешім қабылдады. Алдағы маусымда «Жайық» Қазақстан чемпионатының екінші лигасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, клубтың жастар құрамасы QJ League (Қазақстанның жасөспірімдер лигасы) турниріне қатысуы мүмкін. Жаңа құрылған футбол клубы бұрынғы ұжым алдындағы барлық қаржылық міндеттемелерді орындап, өңірдегі футболдың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Клубтың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға ерекше назар аудару, - деп хабарлады ведомстводан.