Бұған дейін Мбаппе ұлттық құрама сапында өнер көрсетпей жүрген еді.
Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам шабуылшы Килиан Мбаппенің құрамаға оралатынын растады.
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Ұлттар лигасының наурыздағы ойындарына шақырту алды. Франция 1/4 финалда Хорватиямен ойнайды. Матчтер наурыздың 20 мен 23 күндеріне жоспарланған.
"Иә, ол (Мбаппе) командаға қосылады", - деп келтірді Дешамның сөзін журналист Фабрицио Романо Х әлеуметтік желісінде.
26 жастағы форвард құраманың қазан мен қараша айларындағы ойындарына қатыспады. БАҚ-та бұл жағдай Килианның "Реалға" тезірек бейімделуге ұмтылғандығымен байланыстырды.