Ол 16 жасында Чемпиондар лигасында гол салды.
Ирландиялық «Шемрок Роверс» клубының шабуылшысы Майкл Нунан еурокубоктердің негізгі кезеңінде гол салған ең жас ойыншы атанды (16 жас 197 күн). Бұл туралы Aladop.kz хабарлады.
Ирландия елінің жас таланты кеше Конференциялар лигасының 1/16 финалының бірінші матчында «Мольденің» қақпасына гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, осыған дейінгі рекорд Ромелу Лукакуге тиесілі болатын ( 16 жас 218 күн). Сондай-ақ, еурокубоктерде гол салған ең жас ойыншылардың қатарында Ламин Ямальдің есімін де бар. "Барселонаның" жартылай қорғаушысы (17 жас 68 күн) ЧЛ-ның матчында өз есімін таблоға жазған еді.
Майкл Нунан «Шемрок Роверс» сапына жақында ғана қосылды. Осыған дейін «Сент-Патрикс» жейдесінде өнер көрсетті. Енді жас талант бір аптадан кейін «Мольдеге» қарсы қарымта ойында өзінің командасына көмектеседі.
Естеріңізде болса, 16-жастағы Дастан Сәтпаев "Челсимен" келісімшартқа отырды. "Қайрат" академиясының түлегі кәмелетке толғанша алматылық клуб сапында доп тебеді. Сол уақытқа дейін оны "Челсидің" жаттықтырушы дайындап, баптайды.