Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Фергюсон наурызда бапкерлікке оралады

Редактор Penalty.kz
14.02.2025, 21:12

12 жыл бұрын бапкерлік мансабын аяқтаған болатын.

vedomosti.ru
Реклама
Реклама

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы бас бапкері сэр Алекс Фергюсон келесі айда алаң жиегіне қайта оралады.

Фергюсон 26 жыл бойы "Юнайтедті" жаттықтырып, 13 Премьер-Лига титулы, екі Чемпиондар лигасы кубогы және басқа да көптеген трофейлерді жеңіп алды. 2013 жылы ол жаттықтырушылық мансабын аяқтағанымен, бірнеше мәрте бапкерлікке уақытша оралды. 2017 жылы Майкл Кэрриктің қоштасу матчында және 2019 жылы "Юнайтедтің" тарихи треблін еске алуға арналған кездесуде команда тізгінін қайта ұстады. 

83 жастағы шотландиялық маман наурыз айында "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы Джузеппе Россидің Флоренцияда өтетін қоштасу матчына арнайы шақырылды.

"Ол (Фергюсон) да сол жерде болады, бапкер ретінде. Мен 17 жасымда "Юнайтедке" келгенімде, ол менің алғашқы бапкерім болды. Онымен үш жыл жұмыс істедім, көп ойын өткізбедім. Бірақ шақыруымды бірден қабылдады. Бұл оның қандай тұлға екенін көрсетеді", – деді Росси.

"Мен "Юнайтедте" аса үлкен жетістікке жете алмадым, бірақ Фергюсон маған дәл 1000 гол соққан Роналду секілді құрметпен қарайды", – деп келтіреді Россидің сөзін Daily Mirror.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары