Қазақстан U17 құрамасы "Даму Кубогын" жеңіспен бастады
16.02.2025, 23:09
Бауыржан Сағындық жаттықтыратын жасөспірімдер құрамасы алғашқы матчта Иранның U17 командасын тізе бүктірді.
kazfootball.kz
Минскіде өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Иранның 17 жасқа дейінгі құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар мергендік танытты.
"Абылай Төлеухан – Қазақстан мен Иран құрамалары арасындағы матчтың үздік ойыншысы атанды. Ол есеп ашып, командасын алға шығарды", – деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
kazfootball.kz
Айта кетейік, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы "B" тобында өнер көрсетеді. Келесі кездесу 17 ақпанда Ресей құрамасына қарсы өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама