"Ұлытау" ФК украиналық жартылай қорғаушы Бека Вачиберадзені қатарға қосты.
“Ұлытау” футбол клубы Украинаның жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Бека Вачиберадзені өз қатарына қосқанын жариялады.
Вачиберадзе – Одессадағы “Черноморец” академиясының түлегі.
Грузия мен Украина азаматтығына ие жартылай қорғаушы “Шахтер” (Донецк), “Черноморец”, “Металлист 1925” (Украина), РФШ (Латвия) және “Бель” клубтарында ойнаған.
2015-2017 жылдары Испанияның “Реал Бетис” командасының сапында болды.
Соңғы үш маусымда Кутаиси тумасы “Металлист 1925” клубы үшін 40 матчқа қатысып, 2 гол соқты.
Украина жастар құрамасында (U-16, U-17, U-18, U-19, U-20) 33 ойын өткізді.