28 жастағы жартылай қорғаушы Дан Глейзер алматылық клубқа қатысты ойларын бөлісті.
15 қаңтарда Израиль құрамасының жартылай қорғаушысы Дан Глейзер “Қайратпен” екі жылдық келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол отандық “Маккаби” (Тель-Авив), “Бейтар” (Тель-Авив/Бат-Ям), “Маккаби” (Нетания) клубтарында, сондай-ақ гректің ОФИ Крит және ресейлік “Пари НН” командаларында ойнаған.
Израиль құрамасының сапында Глейзер 21 матчқа қатысқан. Transfermarkt порталы оның нарықтық бағасын 700 мың еуроға бағалап отыр.
Ойыншы Legalbet.kz тілшісі Алмат Теміртасовқа шағын сұхбат берген болатын.
“Мен “Қайратқа” қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұл – үлкен тарихы бар клуб. Жазда командамен бірге Чемпиондар лигасында өзімді сынап көргім келеді. Өткен маусымда “Қайрат” Премьер-лигада чемпион атанғанын білемін және биыл сол жетістікті қайталауды қалаймыз!» – деді Глейзер.
Глейзер командамен келісімшартқа отырмас бұрын бірнеше ойынды тамашалағанын айтып қалды. Қазақстан чемпионатын Израиль біріншілігімен салыстырып та көрді.
“Қазіргі сәтте нақты айту қиын. Бірнеше айдан кейін қайта сөйлесіп, бұл сұраққа жауап беруге дайынмын, – деді Глейзер.