Семейдің "Елімай" футбол клубы Уругвай жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Кевин Ролонмен келісімшартқа қол қойды.
23 жастағы сол қапталдағы қорғаушы Кевин Ролон бұған дейін Уругвайдың "Монтевидео Уондерерс" клубында өнер көрсеткен. Бұл команда сапында 33 матч өткізіп, 5 гол соқты. Сонымен қатар 2022 жылы Оңтүстік Америка Кубогында ұлттық құрама жейдесінде 6 ойынға қатысты.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Кевин Ролонның қазіргі трансферлік құны 600 мың еуроға тең.
Кевин Ролонның бұрынғы командасы "Монтевидео Уондерерс" Уругвай футболындағы беделді клубтардың бірі. Ұжым ел біріншілігінде төрт мәрте чемпион атанған (1906, 1909, 1923, 1931 жылдары).