Ұрылар әйгілі футболшының үйіне түн ортасында кірген көрінеді.
АҚШ-тың «Лос-Анджелес» клубының және Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Оливье Жиру күтпеген жерден шығынға ұшырады. Бір топ ұры танымал футболшының үйіне кіріп, 500 мың долларға (шамамен 250 миллион теңге) тонап кеткен. Бұл туралы TMZ хабарлады.
Жиру мен оның отбасы тұратын Лос-Анджелес қаласындағы үйге белгісіз біреулер 5 ақпан күні түнде кірген. Футболшының жұбайы Дженифер Жиру таңертең терезенің сынғанын байқап, дереу полицияға хабарласқан.
Тергеу барысында бірнеше бағалы әшекейлер, 10-нан астам ерлер сағаты және басқа да қымбат бұйымдардың жоғалғаны анықталды. Жалпы шығын көлемі – 500 мың доллар.
Оливье Жиру – өз заманының үздік француз шабуылшыларының бірі. Ол клубтық және халықаралық деңгейде көптеген жетістікке жеткен.
«Монпелье» (2012) – Франция чемпионы
«Арсенал» (2013/14, 2014/15, 2016/17) – Англия Кубогының үш дүркін жеңімпазы, Англия Суперкубогын үш рет жеңіп алған (2014, 2015, 2017)
«Челси» (2018/19) – Еуропа лигасының жеңімпазы
«Челси» (2020/21) – Чемпиондар лигасының жеңімпазы
«Лос-Анджелес» (2024) – АҚШ-тың Ашық кубогының иегері
2018 жылы Франция құрамасымен Әлем чемпионы атанды
Еуро-2016 финалисі
2022 жылы Франция құрамасының ең үздік сұрмергені атанып, Тьерри Анридің рекордын жаңартты
Еуро-2024 турнирінен кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Қазіргі уақытта Жиру АҚШ-тың «Лос-Анджелес» клубында өнер көрсетіп жүр. Ал аталған оқиға бойынша жергілікті полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.