"Манчестер Сити" жеті ойыншыға "Good bye!" демекші

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 09:01

"Манчестер Сити" негізгі құрамдағы бірнеше ойыншыны маусым соңында жаңа клуб іздеуге кеңес берді. 

sportnews.24tv.ua

Sky Sports-тың мәліметінше, бұл хабарламаны алған ойыншылар қатарында қақпашы Эдерсон, қорғаушы Джон Стоунз, жартылай қорғаушылар Матео Ковачич, Илкай Гюндоган, Бернарду Силва, Джек Грилиш және Кевин де Брюйне бар.

Гвардиола команданы жаңартуды көздейді

Хосеп Гвардиола бұл қадамды команданы жаңарту мақсатында жасап отыр. Бас бапкердің ойынша, аталған ойыншылар енді өздерінің үздік деңгейіне қайта орала алмайды.

uz.kursiv.media

Маусымдағы нәтиже және турнирлік жағдай

Ағымдағы маусымда "Манчестер Сити" Чемпиондар лигасынан шығып қалып, қазір Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орынға тұрақтаған.