Тағы бір өзбек футболшысы топ-клубқа ауысуы мүмкін
Футболшымен «Бавария» клубының өкілдері байланысқа шыққан.
Аббосбек Файзуллаев – «Баварияға» жолдама ала ма?
Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсетіп жүрген өзбекстандық футболшы Аббосбек Файзуллаев мюнхендік «Бавария» клубына ауысуы мүмкін. Бұл ақпаратты футболшының өзі «Чемпионат» порталына берген сұхбатында растады.
Файзуллаевтың сөзі:
«Олар менің агенттеріммен байланысқа шығып, қызығушылық танытқаны рас. Нақты бірер мәселені сұраған еді. Бірақ, мен бұл жайтқа салқынқанды қараймын, себебі, байланысқа шығу мен келісімшартқа қол қою деген екі бөлек дүние», – деді өзбекстандық футболшы.
«Баварияға» қарсы емес, бірақ...
Файзуллаев «Бавариядан» кетары емес екенін жасырмайды. Алайда, нақты ұсыныс болмағандықтан, бар күшін Мәскеудің ЦСКА-сында өнер көрсетуге арнайтынын айтты.
Балалық арман – «Барселона»
Аббосбек бала кезінен «Барселонаның» жанкүйері екенін және сол клубта ойнауды армандайтынын да мойындады.
Аббосбек Файзуллаевтың ЦСКА-дағы статистикасы:
- Клубқа қосылған жылы: 2023
- Өткізген матчтар саны: 55