Қазақстандық басылым Offside.kz редакциясы "Қайрат" пен "Ордабасы" арасындағы матчқа талдау мен болжам жасады.
ҚПЛ-дың екінші туры жанкүйерлерді көптен күткен тартыспен қуантпақ. Алматыда өтетін бұл матчта екі түрлі ойын философиясы бар командалар шеберлік байқасады:
Шымкенттік ұжым қысқы маусымда құрамның 80 пайызын жаңартты. Ал команда тізгінін молдавиялық маман Андрей Мартин ұстады. Бұл бапкердің жетекшілігімен 2023 жылы "Петрокуб" Молдова чемпионатында "Шерифтің" үстемдігін тоқтатты. Ал Чемпиондар Лигасында "Ордабасыны" жеңгені әлі күнге дейін қазақстандық жанкүйерлердің есінде.
"Ордабасы" 3-4-3 жүйесімен ойнайды. Матчтың басым бөлігінде допқа иелік етуге тырысады. Мәселен, "Ақтөбеге" қарсы кездесуде бұл көрсеткіш 69% болды. Дәл пастар саны 500-ден асады. Қарсыластан екі есе көп. Ал xG көрсеткіші: 1.30.
Жоғары латералдар, әсіресе оң жақ флангта проблема бар. Сербиялық Антич қорғанысқа қайтуға үлгермей жиі позициясынан айырылып қалып жатады. Соның кесірінен "Ақтөбе" екінші таймда бірнеше мәрте қарымта шабуыл ұйымдастыруға мүмкіндік алды.
"Қайрат" орталық қорғаушыларының алыста орналасуынан команда жылдам қарымта шабуылдарға қарсы тұра алмай қалады.
"Қайрат" өз алаңында жақсы ойнайды. Өткен маусымда екі рет 2:1 есебімен "Ордабасыны" жеңді. Биыл да ойын ритміне әдімі кірді. Легионерлердің сапасы да шымкенттік клубқа қарағанда жоғарырақ.
"Қайрат": Ойыншылардың өзара түсінушілігі, шеберлігі және жанкүйерлердің қолдауы арқасында фаворит.
"Ордабасы": Жаңа құрамның мүмкіндігі бар, бірақ тәжірибе мен тұрақтылық жетіспейді.