ҚПЛ жеңімпазы кім болатыны айтылды
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ненад Эрич өз пікірін білдірді.
«Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич биылғы біріншіліктегі басты фаворит ретінде қай команда екенін айтты.
"Менің ҚПЛ-дегі топ-5 командам дейсіз бе? Бұл туралы айту әлі ерте, себебі чемпионаттың басталғаны кеше ғана. Командалардың аяқ-алысын қарап көру керек. Бірақ, меніңше бірінші орынға биыл «Астана» мен «Қайрат» таласатын сияқты", - деді Эрич.
Жалпы, Ненад Эрич 2010-жылы «Қайраттың» жейдесінде бір маусым өнер көрсетіп, кейін қатарынан 10 жыл «Астана» командасында өткізген болатын.
Айта кетейік, биылғы Қазақстан біріншілігінде «Астана» мен «Қайрат» алғашқы ойындарын бір-біріне қарсы өткізді. «Астана Аренада» болған бәсеке 1:1-мен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Марин Томасов, ал «Қайраттың» голын Дастан Сәтпаев салды.
Қорытынды:
- Фавориттер: «Астана» мен «Қайрат» — басты үміткерлер.