"Бешікташ" Зайнутдиновты қанша сомаға сатуға дайын?
07.03.2025, 19:17
Түркиялық журналист Сердар Сарыдагтың айтуынша, жазғы трансферлік кезеңде "Бешікташ" қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновке қатысты ұсыныстар алуы мүмкін.
sportX.kz
Begikad TV YouTube-арнасының эфирінде Сарыдаг былай деп мәлімдеді:
"Трансферлік терезе кезінде "Бешікташ" Бақтиер Зайнутдинов үшін 7-8 миллион еуро көлемінде ұсыныстар алуы мүмкін."
Егер бұл ақпарат расталса, ыстамбұлдық клуб 26 жастағы жартылай қорғаушыдан айтарлықтай пайда көруі ықтимал. Зайнутдинов 2023 жылдың жазында ресейлік ЦСКА-дан 4,5 миллион еуроға сатып алынған болатын.
Ағымдағы маусымда Бақтиер Зайнутдинов "Бешікташ" сапында 12 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берген. Оның клубпен жасаған келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама