Максим Самородов РПЛ-дің үздік клубына керемет гол соқты (ВИДЕО)
07.03.2025, 23:19
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасында көзге түсті. Грозныйдың "Ахмат" клубы сапында өнер көрсететін футболшы Мәскеудің "Локомотивіне" тамаша гол соқты
sports24.kz
22 жастағы Максим Самородов РПЛ-дің 20-тур аясында өткен сырт алаңдағы матчтың 40-минутында есепті теңестірді. Қазақстандық ойыншы айып алаңының алдында допты қабылдап, екі қарсыласын шеберлікпен алдап өтті де, дәл соққымен "Локомотив" қақпасын бағындырды. Осылайша ойын есебі 1:1 болды.
Голдың бейнежазбасын төменде тамашалауға болады.
Бұл гол Самородов үшін биылғы маусымдағы 14 ойындағы үшінші дәл соққысы болды.
Қазір "Ахмат" 14-орында, ал "Локомотив" төртінші сатыда орналасқан.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама