Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Англия кубогындағы сұмдық! Қақпашы шабуылшыны басынан тепті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.03.2025, 08:12

Англия футбол қауымдастығы (FA) "Миллуолл" қақпашысы Лиам Робертсті "Кристал Пэлас" шабуылшысы Жан-Филипп Матетаны басынан теуіп, ауыр жарақаттағаны үшін алты матчқа дисквалификациялады.

skysports.com
Реклама
Реклама

Ағылшын Кубогының 1/8 финалындағы матч 1 наурыз күні өтті. Кездесудің 6-минутында Робертс әуедегі допқа талас кезінде француз футболшысының басынан аяғымен қатты соққы жасады.

Матета ауыр жарақат алып, алаңда 10 минут бойы медициналық көмек күтті. Кейін оны жедел түрде алып кетті. Дәрігерлер ойыншының сол құлағына 25 тігіс салуға мәжбүр болды.

FA қатаң жаза қолданды

Ағылшын футбол қауымдастығы Робертстің дисквалификация мерзімін ұзартуды талап етті. Стандартты үш матчтық шеттету мұндай қауіпті ойын ережесін бұзу үшін жеткіліксіз деп танылды.

Sky Sports мәліметінше, FA шешім қақпашының жазасын 6 ойынға дейін ұзартты. Бұл оқиға футбол қауымдастығында үлкен резонанс тудырып, Англия Кубогындағы ең дөрекі фолдардың бірі ретінде бағаланды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары