Жасындай жарқылдаған африкалық футболшы із-түссіз жоғалып кетті

Редактор Penalty.kz
31.03.2025, 07:12

Румынияның УТА (Арад) клубында өнер көрсететін Коуя Мабеа командадан рұқсатсыз кетіп, із-түссіз жоғалды. 

spcialarad.ro

Жаттығуға шықпай, байланысқа шықпай кеткен

27 жастағы ивуарлық қорғаушы өткен аптада Венгрияда өткен жолдастық матчта "Бекешчаба" командасына қарсы толық 90 минут ойнаған. Ал демалыс күндерінен кейін ол команданың жаттығуларына келмей қойған. Бас бапкер Мирча Редник Мабеаның қайда екенін білмейтінін айтты: 

"Ол жоғалып кетті. Жауапкершілік сұрайтын ешкім жоқ. Карьерасын шарықтау шегінде аяқтап кеткендей болды", – деді ол "Поли Яссы" матчына арналған баспасөз мәслихатында.

Клуб тарапынан санкциялар күтілуде

УТА клубының әкімшілік директоры Дорин Стана ойыншының еш себепсіз, алдын ала ескертусіз кеткенін растады:

"Оның клубпен келісімшарты бар. Біз бұл әрекетке ресми жауап береміз. Ол дисквалификацияға немесе қаржылық айыппұлға ілінуі мүмкін", – деді Стана.

Соңғы ресми ойыны – сәтсіздікпен аяқталған матч

Коуя Мабеа УТА сапындағы соңғы ресми ойынын 24 ақпанда "Сепси"(Сфынту Георге) командасына қарсы өткізді. Бұл матчта УТА өз алаңында 1:2 есебімен жеңілді, ал Мабеа қарсылас ойыншысы Омар Эль-Савидің жеңіс голына себеп болған қателікке жол берді.

Клубтағы статистикасы мен мансабы

Коуя Мабеа Румынияға Израильдің "Хапоэль" (Ришон-ле-Цион) клубынан келген. 2023 жылдың жазында УТА-мен келісімшартқа қол қойып, клуб сапында 18 матч өткізіп, "Ботошани" командасына қарсы ойында бір гол соққан. Ол кезде УТА 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Мабеа Кот-д’Ивуардың астанасы Абиджанда дүниеге келген. Кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын СОА (Кот-д’Ивуар) клубында бастаса, кейін Португалияның "Витория Гимарайнш", Бельгияның "Вестерло", және Израильдің жоғары дивизион клубтарында ойнаған.