Жалпы, қазір жас таланттың ойыныңн бірнеше клуб мұқият бақылап жүрген ұқсайды.
Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Дәулет Орынбасар жақын арада Мәскеудің әйгілі «ЦСКА» командасының ойыншысы атануы мүмкін. Бұл туралы Aladop.kz хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша жас талантқа Хорватиядан да ұсыныс түсуі ықтимал. Атап айтқанда, Орынбасарға Хорватияның «Динамо» Загреб клубы да қызығушылық білдіруде. Белгілі болғандай, хорватиялық скауттар жас футболшының ойындарын мұқият бақылап жүр.
16 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Қазақстанның U-16 құрамасы сапында жарқырап көзге түсті. Еуро-2024/25 іріктеу кезеңінде 5 матчта 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол «Қайраттың» жастар командасында жоғары нәтижелілікпен ерекшеленіп жүр.