"Ақтөбе" жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2025, 10:24
Қазақстандық хоккейдегі маңызды жаңалықтардың бірі "Ақтөбе" хоккей клубының бас бапкер ауыстыруы болды. Клуб тізгінін ресейлік маман Виталий Казарин ұстады.
sportarena.kz
Казариннің тәжірибесі қандай?
52 жастағы Виталий Казарин хоккейдегі бапкерлік жолының көп бөлігін Ресейдің "Южный Урал" жүйесінде өткізген. Клубтың негізгі құрамында да, жастар командасында да жұмыс істеді. Жаттықтырушылық тәжірибесі мол маман енді қазақстандық хоккейдің дамуына өз үлесін қоспақ.
Бапкерлер штабы: кімдермен жұмыс істейді?
Александр Поляков — бұрынғыдай бас бапкердің көмекшісі ретінде қызметін жалғастырады.
Виталий Жиляков — Казариннің тағы бір ассистенті. Ол соңғы екі маусымда Көкшетаудың "Арлан" жастар командасын жаттықтырған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама