Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Барыспен" келісімшартқа отырады
07.08.2025, 14:00
Қазақстан құрамасының хоккейшісі Владимир Волков жақын күндері "Барыс" ХК қаралымдық келісімшарт жасасады.
sportpulse.kz
Астанада медициналық тексерістен өтті
28 жастағы шабуылшы 6 тамыз күні елордаға келіп, толық медициналық тексеруден өтті. Ал 7 тамыздан бастап командамен бірге мұзға шығады. Егер жаттығу жиындары сәтті өтсе, Волков маусымды "Барыс" сапында бастауы мүмкін.
Волковтың соңғы маусымдағы жетістігі
2024/25 жылғы маусымда Владимир Волков "Арлан" клубының құрамында ойнап, Қазақстан чемпионатының алтын жүлдегері атанды.
Pro Hokei Ligasy турнирінің тұрақты маусымында 40 матчта:
- 6 гол
- 26 нәтижелі пас
- Жалпы – 32 ұпай
Плей-офф кезеңінде 12 кездесуде:
- 6 шайба
- 10 ассист
- 16 ұпай
Хоккейші 17 маусымда "Сарыарқаға" қосылғанымен жаңа маусымды "Барыста" бастауға бір табан жақын тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама