«Барыс» пен «Ақ Барыс» кездесуінің жеңімпазы буллиттер сериясында шешілді
18.10.2025, 19:53
«Барыс» ҚХЛ аясындағы кезекті ойында Қазанның «Ақ Барыс» хоккейшілерін қабылдады.
hcbarys.kz
Ойын барысы
Бірінші кезеңде қонақтар екі шайба соғып, кездесуді қарқынды бастады. Ал мұзайдын иелерін сапында Всеволод Логвин есепті қысқартты. Екінші кезеңде қос команда да сәтсіз шабуылдармен шектелді.
Ал үшінші кезеңнің 43:33 минутында Кирилл Панюков (Данияр, Өмірбеков) тамаша шабуылды нәтижелі аяқтап, есепті теңестірді — 2:2.
Негізгі уақыт пен овертаймда жеңімпаз анықталмаған соң, бәрін буллиттер сериясы шешті. Бұл сәтте «Ақ Барыс» ойыншылары дәлірек соққылар жасап, жеңісті жұлып алды..
Келесі ойын
Астаналық «Барыс» 24 қазан күні өз айдынында Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдайды. Команда плей-офф аймағына кіру үшін маңызды ұпайларға таласуын жалғастырады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама