«Барыс» қатарынан үшінші ойында жеңілді
Астаналық «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясындағы кезекті ойында Челябінің «Тракторымен» кездесті. Өкінішке қарай, қазақстандық команда 6:3 есебімен жеңіліс тапты.
Сырт алаңдағы кезекті сәтсіз матч
Бірінші кезеңде челябіліктер үш шайба соғып, ойын тағдырын ерте шешті. Елордалықтар екінші кезеңнің басында тағы бір гол өткізіп алған соң, қақпашы Андрей Шутовтың орнына Адам Шил шықты.
Майкл Веккьоне бір шайбамен есепті қысқартты, ал соңғы жиырмаминутта Джейк Масси тағы бір гол соғып, интриганы қайта оятқандай болды. Дегенмен «Барыстың» қорғанысы сыр беріп, матч 6:3 есебімен «Трактордың» пайдасына аяқталды.
Келесі ойын
3 қараша күні «Барыс» Астанада Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубын қабылдайды. Команда үшін бұл матчта жеңіс өте маңызды болмақ — төртінші қатарынан жеңіліске жол бермеу үшін елордалықтар бар күшін салуы қажет.