Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Барыс» өз мұз айдынында төртінші рет жеңіліс тапты

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 22:10

Астананың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуінде өз алаңында Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» шеберлік байқасты. Өкінішке қарай елордалық ұжым төртінші рет қатарынан жеңіліс тапты.

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші жиырма минутта қонақтар үш шайба соғып үлгерді, алайда «Барыс» құрамындағы Кирилл Панюков пен Дінмұхамед Қайыржан есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңде «Нефтехимик» басымдығын арттырып, кездесуді 5:2 есебімен аяқтады.

«Барыс» (Астана) — «Нефтехимик» (Нижнекамск) 2:5
(0:0, 2:3, 0:2)
Шайбалар: 
0:1 — 23:35 Хоружев (Точилкин)
0:2 — 25:26 Белозёров (Юртайкин, Федотов) — көпшілік құрамда
1:2 — 26:12 Панюков (Асетов, Шайхмедденов)
1:3 — 27:13 Белозёров (Юртайкин)
2:3 — 33:01 Қайыржан (Савицкий)
2:4 — 47:52 Николишин (Хоружев, Шафигуллин) — көпшілік құрамда
2:5 — 51:57 Белозёров (Федотов, Юртайкин) — көпшілік құрамда

5 қараша күні астаналық клуб өз мұз айдынында «Салават Юлаевты» (Уфа) қабылдайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары