Қазақстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
18.04.2026, 18:24

Хоккейден Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады. 

instagram/@kazakhstanicehockey

Алғашқы ойындағы жеңіс

Польшаның Крыница қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатының алғашқы турында Максим Худяковтың шәкірттері Венгриямен кездесіп, 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл матчта Қазақстан құрамасының сапынан бірден бес ойыншы мергендігімен ерекшеленді. Атап айтқанда, қарсылас қақпасын:

  • Егор Кравченко
  • Илья Громов
  • Кирилл Задорожный
  • Михаил Коленко
  • Жаһангер Тілеухан дәл көздеді.

Ал Венгрия құрамасы сапында Марк Остойич пен Доман Сонгот шайба соқты.

Келесі матч қашан өтеді?

Қазақстандық жасөспірімдер келесі ойынын 19 сәуір күні турнир қожайыны — Польшаға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 22:30-да басталады.

Айта кетейік, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы бұл турнирде әлем чемпионатының элиталық дивизионына берілетін жалғыз жолдама үшін күресіп жатыр. Сондықтан әрбір матчтың маңызы өте жоғары.

Реклама
Реклама