Қазақстан құрамасы Польшаны ірі есеппен жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:55

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті.

ҚХФ

Турнир 18-24 сәуір аралығында Польшаның Крыница қаласында өтіп жатыр.

Матч барысында Польша құрамасы есеп ашқанымен, қазақстандық хоккейшілер кейіннен басымдықты өзіне алды. Екінші кезеңде екі команда да бір-бірінен қалыспаса, үшінші раундта ұлттық құрама ойыншылары қарсыластың қақпасына 7 шайба енгізіп, 10:2 есебімен ойсырата жеңді.

Бұл нәтиже турнирдегі екінші жеңіс болды. Қазір Қазақстан 6 ұпаймен рейтингте Швейцариядан кейін 2-орынды иеленіп тұр. Бұған дейін команда Венгрия құрамасын 5:2 есебімен жеңген еді. Келесі ойында хоккейшілер 21 сәуірде украиналықтармен кездеседі.

Реклама
Реклама