Алматыда туған 19 жастағы хоккейші NHL клубының лагеріне шақырылды

Жарнама
Жарнама

Данай Шайықов бұған дейін Қазақстан азаматтығынан бас тартқан болатын. 

Алматыда туған 19 жастағы хоккейші NHL клубының лагеріне шақырылды
sportarena.kz

Алматы хоккейінің түлегі, 19 жастағы қақпашы Данай Шайықов NHL клубы "Нью-Йорк Рейнджерстің" дайындық лагеріне қатысады. Бұл туралы shaiba.kz хабарлады. "Рейнджерс" ресми ресурстарында Шайықов команданың перспективалы ойыншыларының қатарына енгізілген. 

"Рейнджерс" оны драфтта 67-нөмірмен таңдады

Данай Шайықов 2026 жылғы NHL драфтында "Нью-Йорк Рейнджерс" клубының назарына іліккен болатын. 

Нью-Йорк командасы қақпашыны үшінші раундта жалпы 67-нөмірмен таңдады. Клубтың ресми мәліметінде 19 жастағы хоккейшінің бойы 188 сантиметр шамасында екені және сол қолмен ұстайтыны көрсетілген.

QMJHL-де 50 матч өткізді

Өткен маусымда Шайықов Канаданың "Гатино Олимпикс" клубының негізгі қақпашыларының бірі болды.

Ол Квебек жасөспірімдер хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 50 матч өткізіп, соққылардың 90,3 пайызын қайтарды. Бір ойынға орташа жіберген шайба көрсеткіші – 2,78.

Плей-офф кезеңінде қазақстандық хоккей мектебінің түлегі тағы 7 матчқа қатысып, сейв көрсеткішін 89,7 пайыз деңгейінде ұстады. Оның сенімділік коэффициенті 2,86 болды. 

Жарнама
Жарнама