Астаналық «Барыс» командасы «Витязьге» (Подольск) қарсы кездесуге өткізген болатын.
Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынды қазақстандық клуб өте сәтсіз бастады. Иван Чехович («Витязь») 3-ші минутта есеп ашты. Дегенмен матчтың 18-ші минутында Әділ Бекетаев таразы басын теңестіре алды.
Бірақ артынша (18-ші минутта) Егор Воронков «Витязьді» алға шығарды. Содан соң Иван Воробьёв (32-ші минут) есеп айырмасын ұлғайтса, Дерек Барак 36-шы минутта тағы да гол соқты.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл — елордалық клубтың жаңа маусымдағы алтыншы жеңілісі.
Айта кетейік, елордалық клуб биылғы маусымда жеті кездесудің алтауында жеңілді.