Бүгін «Барыс» Ресейде «Витязьбен» кездеседі

Редактор Penalty.kz
21.09.2024, 18:05

Астаналық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізеді.

metaratings.ru

Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жетті. Кейінгі бес ойында елордалық клуб қарсыласына есе жіберді.

Кездесу бүгін сағат 21:00-дe басталады. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Айта кетсек, «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябинск), «Амур» (Хабаровск), Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларынан жеңіліп қалған еді. Одан кейін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын овертаймда 2:1 есебімен сүріндірсе, «Ак Барс» (Қазан) клубына 0:5 есебімен есе жіберді. 

Қазақстандық команда алдағы төрт ойынын елордада өткізеді. 24 қыркүйекте Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасса, 26 қыркүйекте «Сочи», 28 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), ал 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командаларымен кездеседі.