Бүгін «Барыс» клубы «Ак Барспен» ойнайды
05.11.2024, 11:22
Кездесу Астана уақытымен 19:30-дa басталады.
kaz.inform.kz
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 5 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Астана уақытымен 19:30-дa басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Айта кетейік, кейінгі алты кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама