Алматыда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты ұйымдастырылады
06.11.2024, 07:20
Жарыстар 6-9 қараша аралығында Halyk Arena спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Penalty.kz.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Турнир 6 қарашада Алматыда басталады.
Жарыстар 6-9 қараша аралығында көпфункционалды Halyk Arena спорт кешенінде өтеді.
Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады.
Турнир матчтарының кестесі:
- 6 қараша 2024 жыл, 16:00 – Жапония – Қытай
- 6 қараша 2024 жыл, 19:30 – Корея – Қазақстан
- 8 қараша 2024 жыл, 16:00 – Жапония – Корея
- 8 қараша 2024 жыл, 19:30 – Қазақстан – Қытай
- 9 қараша 2024 жыл, 16:00 – Қытай – Корея
- 9 қараша 2024 жыл, 19:30 – Қазақстан – Жапония
Матч билеттерін 1 мыңнан 3 мың теңгеге дейін сатып алуға болады.
Айта кету керек, алдағы турнирлер 2025 жылы өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болмақ. Азиада Қытайдың Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама