Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жеңіліске етіміз әбден үйренді. "Барыстың" кезекті сәтсіздігі

Редактор Penalty.kz
07.12.2024, 13:16

ҚХЛ чемпионаты аясында "Барыс" қатарынан жетінші рет жеңілді.

hcbarys.kz

Астаналықтар "Северстальге" 5:3 есебімен жол берді.

Череповецте "Барыс" сыртта өткізетін бес матчтық ойындар сериясын бастады. Соңғы екі аптада қазақстандықтар алты кездесуде өз мұзайдынында да, қонақта да ұпайсыз қалды. Команданың нәтижелілігі төмендеп кетті. "Барыс" қараша айының ортасынан бастап бір ойында екі шайбадан артық сала алмай келеді.

"Біз ойынды мұқият бастадық. "Северстальдың" бізді қыспаққа алатынын жақсы білдік. Бірінші кезеңде жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Әрине бір ойыншымыз артық болса да шайба жіберіп алдық. Бірақ амал нешік? Бұл хоккей. Үшінші кезеңде өзімізге келгендей болып, екі шайба лақтырдық. Ауысу кезінде ойыншылар кім-кімнің орнына шығатынын түсінбей қалды. Сөйтіп төрешілер шешімімен бір ойыншыдан айырылып қалдық. Бос қақпаға шайба жіберіп алдық. Қысқасы бүкіл ойын осылай болды", - деді "Барыстың" бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев.

8 желтоқсанда "Барыс” Санкт-Петербургте СКА-ға қарсы ойнайды.