Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық хоккейші спорттан шеттетілуі мүмкін

Редактор Penalty.kz
20.12.2024, 20:39

Ұлттық құрама мен Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубының шабуылшысы Алексей Зубовтың ағзасынан тыйым салынған препараттар анықталды.   

hctorpedo.pro
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысқаннан кейін ойыншылары допингке сынама тапсырған. Нәтижесінде Зуевтің сынамасынан тыйым салынған препараттың белгілері анықталды. Спортшының өзі ешқандай допинг қолданбағанын айтып ақталуда.

“Мен тыйым салынған заттың қай кезде ағзама түскенін білмеймін. Егер әдейі ішкен болсам онда бұл басқа мәселе болар еді. Бұл жағдайды естіп өзім аң-таң болып тұрмын”, - дейді Алексей Зубов.

Қазір бұл істі арнайы комиссия тексеріп жатыр. Егер сынама тағы да оң нәтиже көрсетсе, Алексей Зубовтың бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері жойылады.

Алексей Зубов биылғы маусымда “Торпедо” сапында 22 матчқа қатысты. 3 шайба соғып, 15 нәтижелі пас берді. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары