"Барыстың" әзірге оңалатын түрі жоқ (ВИДЕО)
26.12.2024, 22:22
ҚХЛ чемпионатында "Барыс" новосибирсктің "Сібір" хоккейшілерін қабылдады.
sportbox.ru
Жанкүйерлер бірінші және екінші кезеңде нәтижелі шайбаларға куә бола алған жоқ. Ал үшіншісінде қонақтар екі рет мергендік танытты. Қазақстандық команда қатарынан төртінші ойында жеңіліске ұшырады.
"Барыс" 28 желтоқсанда Нижний Новгородқа қонаққа барады. Сонда "Торпедомен" сынға түседі.
"Барыс" (Астана) — "Сібір" (Новосибирск) 0:2 (0:0, 0:0, 0:2)
Шайбалар:
0:1 — 53:52 Широков (Яковлев, Коротков).
0:2 — 56:00 Рассказов (Кара, Белоусов).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама