Елордалық хоккейшілер ҚХЛ тұрақты чемпионатында "Амурмен" кездесті.
Қос ұжым чемпионатта соңғы орындарға ие. Ал кездесудің фавориті боп ресейліктер саналды. Ғалым Мәмбеталиев негізгі құрамдағы қақпашыны ауыстырды. 5 қазаннан бері ойнамаған Юхан Маттссон мұз айдынына шықса, қорғанысқа Бейбарыс Оразов оралды.
Бірінші кезеңде мұзайдын иелері қонақтардың қақпасына жауапсыз қос шайбаны дәл лақтырды. Ал екіншісінде таблодағы көрсеткішті тағы үш рет өзгертті. Соңғы жиырмаминуттықта есеп өзгеріссіз қалды.
“Барыс” 4 ақпанда Владивостокта ”Адмиралмен” сынға түседі.
“Амур” (Хабаровск) — “Барыс” (Астана) 5:0 (2:0, 3:0, 0:0)
Шайбалар:
1:0 — 13:04 Мищенко (Талалуев, Брынцев).
2:0 — 17:32 Барулин (Гальченюк, Гуркин).
3:0 — 37:25 Барулин (Броссо, Мищенко).
4:0 — 38:42 Гиздатуллин (Талалуев, Рыжиков).
5:0 — 39:59 Броссо (Коротких).