Қазақстандық шабуылшы Егор Ким "Кливленд Баронз" құрамында 200 (93+107) ұпай жинаған алғашқы ойыншы атанды.
Бұл нәтижеге жету үшін форвардқа 117 матч қажет болды.
Биылғы маусымда астаналық хоккей мектебінің 16 жастағы түлегі 16U AAA лигасының тұрақты чемпионаты аясында 55 кездесу өткізіп, 95 (41+54) ұпай жинады. Ал T1EHL 16U лигасының тұрақты чемпионатындағы 16 матчта 24 (14+10) ұпай еншіледі.