Астананың "Барысы" ҚХЛ аясында Челябінің "Тракторымен" сырт алаңда кездесіп, 8:0 есебімен ойсырай жеңілді.
Ойында "Трактор" айқын фаворит саналды және бұл статусын толық дәлелдеді. Челябіліктер алғашқы минуттардан-ақ басымдықты қолына алып, бірінші кезеңде төрт шайба соқты.
Екінші кезеңде "Барыс" қақпашыны ауыстырғанымен жағдай өзгермеді. Есесіне тағы екі шайба жіберіп алды. Соңғы жиырма минуттықта мұзайдын иелері қос шайба соғып, есепті 8:0-ге жеткізді.
Кездесуде қақпашылар Андрей Шутов пен Артем Шестаков сәтсіз ойын көрсетті. Команда қорғаныста көп қателік жіберді.
“Трактор” (Челябі) — “Барыс” (Астана) 8:0 (4:0, 2:0, 2:0)
Шайбалар:
1:0 — 03:46 Кравцов (Светлаков).
2:0 — 05:38 Дер-Аргучинцев (Дронов, Робинсон).
3:0 — 17:30 Кравцов (Шабанов).
4:0 — 19:29 Горюнов-Рольгизер (Светлаков).
5:0 — 21:45 Кадейкин (Шабанов).
6:0 — 34:40 Шабанов (Кадейкин, Коромыслов).
7:0 — 41:23 Кадейкин (Шабанов, Коростелёв).
8:0 — 59:26 Кадейкин (Шабанов).
6 наурыз күні "Барыс" Астанада Новосибирсктің "Сібірін" қабылдайды.