"СЭ" порталы ҚХЛ клубтарының жалақы қорын жариялады.
“Барыс” маусым алдында ойыншыларға 547 млн рубль ($6,08 млн) бөлуді жоспарлаған. Бірақ жаңа президент Нұрлан Оразбаев жасаған өзгерістерден кейін бұл сома 335 млн рубльге ($3,73 млн) дейін қысқарды.
Бірақ клубтан кеткен 10 ойыншының үшеуіне төленген өтемақы 265 млн рубль ($2,94 млн) болды. Бұл соманың өзі жалақы қорына жақын.
Ең көп жалақы алатын ойыншылар:
Легионерлер:
Дамир Жафяров – 50 млн рубль ($555,5 мың)
Антон Бурдасов – 40 млн рубль ($444,4 мың)
Виктор Антипин – 30 млн рубль ($333,3 мың)
Қазақстандықтар:
Кирилл Савицкий – 24 млн рубль ($266,7 мың)
Роман Старченко – 21 млн рубль ($233,4 мың)
Кирилл Панюков – 20 млн рубль ($222,3 мың)