"Барыстың" бұрынғы ойыншысы қаза болды
17.03.2025, 23:08
Белгілі чехиялық хоккейші, "Барыстың" экс-қорғаушысы Томаш Клоучек 45 жасында өмірден өтті. Ол тау шаңғысы курортында болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан.
shaiba.kz
Томаш Клоучек 2008-2011 жылдары "Барыс'' құрамында өнер көрсетті. Сонымен қатар ҚХЛ-да Попрадтың "Лев" намысын қорғады. Бұл туралы shaiba.kz жазады.
Клоучек халықаралық деңгейде ҰХЛ (NHL)-да да өзін көрсетіп, "Нью-Йорк Рейнджерс", "Нэшвилл Предаторз" және "Атланта Трэшерз" командаларында ойнаған. Ол жанкешті ойын мәнерімен танымал болып, мықты физикалық дайындығымен көзге түскен қорғаушы ретінде есте қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама