3 спортшымыз Әлем кубогының финалына шықты

Редактор Penalty.kz
11.04.2025, 09:35

Байрақты бәсеке қазір Хорватияда өтіп жатыр. 

gymnastics.kz

Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды.

Курбанов – көшбасшы, Ыдырысов – үздік алтылықта

Ұлттық құраманың үздігі, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов тұтқалы ат жаттығуында 14.566 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде бірінші орыннан көрінді. Оның ізін ала тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдырысов 14.300 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтап, финалға өтудің сәті түсті.

Карими — еркін жаттығуда екінші

Еркін жаттығуда Милад Карими 13.866 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері енді финалда өнер көрсетеді.

Келесі кезең

11 сәуір күні турнирдің іріктеу кезеңі жалғасады. Ал жарыстың финалдық бәсекелері 12–13 сәуір күндеріне жоспарланған.