Қазақстан футзал құрамасының матчы ірі сенсациямен аяқталды
13.04.2025, 17:54
Вьетнам Қазақстанды ойсырата жеңді.
instagram/@kff_team_futsal
Қазақстан футзал құрамасы Вьетнамға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Бұл ойын Хошимин қаласында өтті. Кездесу нәтижесі көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар үшін күтпеген жаңалық болды. Себебі Қазақстан айқын фаворит саналған еді.
Вьетнам құрамасы алғашқы голды 14-минутта соғып, есепте алға шықты. Бірінші таймда қазақстандықтар тепе-теңдік орната алмады. Бірақ екінші таймда Ержан Қарменов 33-минутта мергендік танытып, таразы басын теңестірді. 39-минутта алаң иелері жеңісті гол соғып, артынан екі рет қазақстандықтардың бос қақпасына доп салды. Осылайша, есеп 4:1 болып тіркелді.
Футзалдан Қазақстан құрамасы қазір ФИФА рейтингінде 7-орында, ал Вьетнам небәрі 31-сатыда тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама